RU
12 жастағы алматылық қыз адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

12 жастағы алматылық қыз адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Сыныптастары 12 жастағы Ангелинадан жағымсыз иіс шығатынын, оның биттеп кеткенін айтып, қасында жақындамайтын көрінеді. Ал жасөспірімнің үйінде күнделікті суға түсіп, қарапайым гигиена ұстанатын да мүмкіндігі жоқ деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

12 жастағы мектеп оқушысының үйі адам тұратын хәлде емес. Ал оның әжесі үйге келген тілшілерді табылдырықтан та аттатқысы келмеген көрінеді.

Қыздың сыныптастарының ата-аналары одан жағымсыз иіс шығатыны мен биттеп кеткені туралы арыз айтқанын әжесі де біліп отыр екен.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

"Білесіздер ме, қалай болады? Бит уайымдағаннан шығады. Қатты уайымдағанда пайда болып, бір-ақ күнде жоғалып кетеді" ,- деді Ангелинаның әжесі Надежда.

Ангелинаның шатырының астында ит те, мысық та бірге өмір сүреді екен. Үйде тазалық жоқ, ал мектеп құралдарының орнында ішімдік қорабы тұрады екен.

"Мені үш адам сатып жібермек те болды- бұл дұрыс емес. Анам біліп қойды" , - деп жылады жасөспірім.

Қамқорлық бөлімінің басшысы бұл жағдай мектеп оқушысының өмірі мен денсаулығына кері әсерін тигізетінін айтып, үш күнде үйді қалыпқа келтіру қажеттігін айтты.

Олай болмаған жағдайда мамандар жасөспірімді "Кәмелетке жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына" алып кетпек.

Ал Ангелинаның сынып жетекшісі қыздан ешқандай жағымсыз иіс байқамағанын айтады.

"Ол екі жыл бойы тұрмыс төмен отбасылардың тізімінде тұрды. Біз оған үнемі көмектесеміз, ол ыстық тамақ ішеді. 2018 жылды маусым айында демалыс лагеріне де барып келді. Ал мектепке демеушілік көрсетіліп жатса, міндетті түрде тізімге Ангелинаны қосамыз",- деді мектеп мұғалімі Рита Кунгурцаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel