RU
Айгүл Иманбаева: Шымкенттің келінге қатысты заңы дұрыс
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айгүл Иманбаева: Шымкенттің келінге қатысты заңы дұрыс

Рассказать Вконтакте

Айгүл Иманбаева жалғыз ұлының жар таңдауына араласатынын, жаңа түскен келінін Шымкентше тәрбиелейтінін ашып айтты деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оңтүстіктің келінге қатысты салт-дәстүрі мен тәрбиесін қолдайтынын айтқан әнші баласының болашақ келіншегіне деген өзіндік талаптарын да айтты.

"Келінге қатысты барлық салтты Шымкентше жасаймын. Анау дейміз, мынау дейміз, бірақ Шымкенттің тәрбиесі дұрыс. Ененің тәрбиесін көру, үлкенге сәлемін салу, барлық қазақылықты сақтап қалған.

Біз жақта таңертең шай құю, сәлем салу деген жоқ. Бірақ Шымкентте бар. Соның бәрін сіңіріп өскен келін, кейін шаңырақтың иесі-киесі болып қалатыны анық. Бірақ екі үйде тұрамыз", - деді Иманбаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
1
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel