RU
Храпуновтардың Швейцарияда қандай үйде тұратыны белгілі болды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Храпуновтардың Швейцарияда қандай үйде тұратыны белгілі болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов 10 жылдан астам уақыт бойы Швейцарияда тұрып келеді. Бұған дейін оған Қазақстанда 250 миллион АҚШ долларын жымқырды деген айып тағылған еді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: google maps

Фото: google maps

Алматы қаласының мамандандырылғын қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Храпуновты, оның жұбайы Лейла мен оның әпкесі Айяр Ілиясованы сот залына қалай да әкелеміз деген еді. Алайда ол мүмкін болмай шықты.

Фото: google maps

Фото: google maps

Кейін жоғары сот сайтында арнайы құжаттар жарияланған еді. Онда экс-әкімнің Женевада Rue du Mont-Blanc 3 12 01 Geneve мекенжайы бойынша тұратыны жазылған.

Фото: google maps

Фото: google maps

Іс материалдарына сәйкес, Виктор және Лейла Храпуновалар және оның сіңлісі Айяр дәл осы мекенжайда тұруы мүмкін екен.

Фото: google maps

Фото: google maps

NUR.KZ тілшілері ғаламтордан Храпуновтардың пәтері қайда екенін анықтап көрді.

Зәулім үй Женева көлінің маңында орналасқан болып шықты. Көл жағажайында Женеваның басты нысандары орналасқан. Дәл осы ауданда Храпуновтар отбасы күн сайын кешкісін серуендеп жүруі әбден мүмкін.

Фото: google maps

Фото: google maps

Мон-блан көшесі көл мен Женеваның теміржол вокзалын жалғастырып жатыр. Ол қаланың дәл ортасында орналасқан. Баспана Женеваның элиталы аудандарының бірінде орын тепкен. Онда тіпті Rolex сағат дүкені де бар көрінеді.

Фото: google maps

Фото: google maps

Фото: google maps

Фото: google maps

Үй жанында кондитер, шылым, шоколад дүкені, наубайхана мен түнгі клуб, қымбат қонақүйлер, Мон-блан сквері, мейрамханалар мен ағылшын шіркеуі де бар.

Фото: google maps

Фото: google maps

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
2
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel