RU
Алматыда Түркістан облысының тұрғындары жасаған қылмыс әшкере болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда Түркістан облысының тұрғындары жасаған қылмыс әшкере болды

Рассказать Вконтакте

Полиция қызметкерлері Түркістан облысынан келген азаматтарды тұтқындады. Күдіктілердің барлығы қылмыс ұйымдастыру үшін біріккен болып шықты деп хабарлайды NewTimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: yuga.ru

Көрнекі фото: yuga.ru

"Олардың жасы 25-26-да екен. Барлығы бір жалдамалы пәтерде тұрған. Жәбірленушінің букмекерлік орталықтардың бірінде жұмыс істегені, яғни, ақшаларды кеңселерге таратушы болғанына қарағанда қылмыскерлер істі көздеп жасаған деуге болады.
Әр қылмыскердің өзіне тапсырылған ісі болған екен. Біреулері "күзет" болып қарап тұрған, ал екіншілері істі жүзеге асырыпты. Олар тапсырыс жеткізушіні ұрып, сөмкесін алып қашып, артынша жалған нөмірлі көлікке отырып, көзден таса болған. Сөмке ішінде 2 млн 470 мың теңге болыпты" , - деп хабарлады Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Жедел шаралардың нәтижесінде полицейлер күдіктілер көлігін анықтаған. Артынша олардың өзі де ұсталып, тұтқынға алыныпты.

Қазіргі уақытта олар қамауда отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel