RU
Басшысына кек сақтаған қызметкер оның көлігін жарып жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Басшысына кек сақтаған қызметкер оның көлігін жарып жіберді

Рассказать Вконтакте

Ресейде бастығымен келісе алмай қалған қызметкер оның көлігін гранатамен жарып жіберген деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: oxu.az

Көрнекі фото: oxu.az

13 қыркүйек күні Орел қаласындағы Полесск және Цветаева көшелерінің қиылысында азамат өзінің бұрынғы басшысымен сөзге келіп, РГД-5 гранатасын тұрақта тұрған автокөлікке қарай лақтыра салады.

Күдікті жарылыстан кейін оқиға орнынан қашып, туысының үйіне жасырынып қалмақ болған. Алайда тәртіп сақшылары оны дер кезінде қолға түсіріп, қамауға алған.

Абырой болғанда жарылыстан тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген. Ол тек көліктің кей жерлеріне зақым келтірген.

Қазір азамат бірнеше қылмыстық іс дерегі бойынша айыпталуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
3
0
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel