RU
Тараздық жүргізушілер жол полициясына қарсы наразылыққа шықты
Жаңалықтар Қоғам

Тараздық жүргізушілер жол полициясына қарсы наразылыққа шықты

Рассказать Вконтакте

Таразда қоғамдық көлік жүргізушілері бас көтеріп, түске дейін рейстерін тоқтатқан. Олар жол сақшыларының шектен тыс бақылауы мен тексерулерінен мезі болып біттік деп ашуланады. Шулы іске қала әкімінің өзі араласты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Фото kazakhstandaily.com

Фото kazakhstandaily.com

Жүргізушілердің сөзіне сүйенсек, жол сақшылары оларды болмашы себептермен тоқтатып, айыппұл сала береді екен.

"Жол полициясы күн бермейді. Таңғы сағат 6-дан парктің алдына жиналып алған. Ең кемі 6 мың, алды 66 мыңға дейін штраф жазып жатыр. «Сенің анау дөңгелекке тірейтінің жоқ, жүр айыптұраққа. Сенің апатты белгің жоқ, жүр айыптұраққа, дейді. Бізге тыныштық бермейді", - дейді жүргізуші Сәрсенәлі Төребеков.

Қала әкімі болса, полицейлер әрекетін дұрыс деп отыр. Айтуынша, олар елдің қауіпсіздгін ойлап, осындай қадамдарға барады екен.

"Бұл бір автобус паркін жауып тастау үшін емес. Бұл автобус паркіне қарсы жасалып жатқан шара емес. Бұл тек қана халықтың қауіпсіздігі. Енді сол халықтың жағдайын неге ойламаймыз?", - деп ашынды басшы.

Ал полиция қызметкерлері мұны бір жарым айға созылатын рейдтік шара дейді. Осы уақыт аралығында автобус жүргізушілеріне қатысты 673 хаттама толтырыпты. Сондықтан ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетушілер жүргізушілерге наразылыққа шыққанша, көліктерін ретке келтіруге кеңес берді.

Алайда көлік иелері айтқандарынан қайтпай, енді аймақ әкімінің алдына баруға дайын отыр. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
3
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel