Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті. Бұл ақпаратты тәртіп сақшыларына оның ағасы айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: СҚО Ішкі істер департаменті
Фото: СҚО Ішкі істер департаменті: UGC

Бойжеткен өз ағасымен бірге Двинск ауылында тұрған.

Туысының сөзінше, Марина Хрусталева 11 қыркүйек күні Корнеевка ауылындағы құрбысының үйінен шығып кеткен. Содан бері студенттен еш хабар жоқ.

Маринаның таныстары оны әр түрлі жерден көрген. Қазір полицейлер бойжеткенді іздеп жатыр.

Арудың шашы ашық түсті, қой көзді. Ол қою көк күртеше мен жасыл жейде, көк шалбар мен қара аяқ киім киген. Иығына асынған сөмкесі бар.

Егер қыздың қайда екенін білсеңіздер немесе көрсеңіздер, полиция мына нөмірлерге хабарласуларыңызды сұрайды.

8-715-43-2-13-90, (8-715-43) 2-13-90 немесе "102".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1752860-sko-da-17-zastagy-student-kyz-zogalyp-ketti/

pixel