RU
Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ағыбай Смағұлов Құсманұлы жоғалып кетті. Бұл туралы Ислам Угушев өз Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Ислам Угушев

Фото: Facebook/ Ислам Угушев

Ағыбай Смағұлов 2018 жылдың 17 тамызында Алматы облысы, Қарасай ауданы Пчеловодная 10 мекен-жайындағы үйінен шығып кеткен. Ол қазіргі уақытқа дейін үйге оралмапты.

"Алматы қаласы мен облысының тұрғындарын Смағұлов Ағыбайды іздестіру шараларына қатысуға шақырамыз. Егер жоғалған профессорды көріп-біліп жатқан адам болса, мына нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз" , -деген ол жазбасында.

Профессор туралы кез келген ақпаратпен бөлісу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласа аласыздар.

+7 747 788 68 74 - Асқар Мұратұлы. +7 707 252 61 00 - Қоғамдық Қауіпсіздік Кеңесі.

Жоғалған азаматты іздеу шараларына CrossFit IDOL Almaty спорт клубы да қатысып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel