Выйти
RU

Алғашқы жеңіліс: Головкин мексикалық Альваресті ақыры жеңе алмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында мексикалық боксшы Сауль Альвареспен екінші мәрте жұдырықтасқан Головкин өз мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. 12 раундқа созылған кездесу төрешілердің шешімі бойынша Канелоның жеңісімен аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Алғашқы жеңіліс: Головкин мексикалық Альваресті ақыры жеңе алмады

Бұл жекпе-жекке Головкин орта салмақта WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионының барлық белбеулерін қойған.

Одан бөлек боксшылар WBC арнайы белбеуін, сондай-ақ, The Ring журналының нұсқасы бойынша чемпионның белбеуін сарапқа салды.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы кездесу дәл осы аренада тура бір жыл бұрын өткен болатын. Он екі раундқа жалғасқан айқас төрешілердің шешімімен тең нәтижеде аяқталған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алғашқы жеңіліс: Головкин мексикалық Альваресті ақыры жеңе алмады