RU
Петропавлда екі қызды соғып кеткен «Лексус» жүргізушісі іздестірілуде
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Петропавлда екі қызды соғып кеткен «Лексус» жүргізушісі іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысның полицейлері екі қызды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен «Лексус» автокөлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр деп хабарлайды Baq.kz.

рррррр

Көрнекі фото:Saratovnews

Жол-көлік оқиғасы 15 қыркүйек күні таңғы сағат 4:30 шамасында тіркелді.

Түнгі клуб жанында жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатқан автокөлік жолға қарай бет алған екі қызды соғып кеткен.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, қазір аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 2-бабының 345-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарды жүргізіліп жатыр. «Лексустың» жолаушылары мен куәгерлерден жауап алынды.

Түрлі дене жарақаттарымен, ес-түссіз ауруханаға жеткізілген екі қызға тиісті ем шаралары жасалуда.

«Жапа шегушілердің бірі облыстық аурухананың, екіншісі Петропавл қалалық 3-ші аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір дәрігерлер ешқандай болжам айта алмайды. Екеуінің де жағдайы ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Самат Сапаралы.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша сот сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тексеру материалдары облыстық ІІД Тергеу басқармасына жіберілді. Бұл іс ведомство басшылығының бақылауында», - деді СҚО ІІД баспасөз хатшысы Нұрбек Баекин.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel