RU
"Нағыз чемпионсың": Димаш бар атағынан айырылған Головкинге қолдау білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Нағыз чемпионсың": Димаш бар атағынан айырылған Головкинге қолдау білдірді

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапқан Геннадий Головкинге қолдау білдіріп, оның қазақ елі үшін әрдайым чемпион болып қала беретінін жеткізді.

Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық спортшының бүгінгі жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

"Біз үшін әрдайым мықты спортшы болып қала бересің, аға! Сен нағыз чемпионсың! Қазақстанның атын шығарып жүргенің үшін көп рахмет! Алға!", - деп жазды ол.

Әншінің сөзін әлеуметтік желі қолданушылары да қолдап, кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапқан боксшыға қолдау білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин қарсыласы Сауль "Канело" Альварестен жеңіліс тауып, барлық белбеуінен айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
4
0
29
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel