RU
"Өзімді чемпион сезінемін": GGG жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы айтты
Жаңалықтар Спорт

"Өзімді чемпион сезінемін": GGG жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен өткен кездесуден кейінгі баспасөз-конференциясында сөз сөйледі деп хабарлайды NUR.KZ.

"Өзімді чемпион сезінемін": Головкин жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы айтты

Фото: gettyimages

"Мен өзімді чемпион сезінемін. Бұл қос чемпионның жекпе-жегі болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Және мен жай ғана боксшымын, тек өз жұмысымды ғана жасаймын. Ал еңбегімді қалай бағалағаны туралы айту - менің жұмысым емес.
Альварес супер-мексикалық стильде өнер көрсетті деп есептемеймін. Иә, ол менен қашқан жоқ, бірақ рингті айнала жүгіріп жүрді" , - деп келтірген қазақстандық боксшының сөзін әлеуметтік желідегі "Геннадий GGG Головкин" парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, орта салмақтағы Головкинге тиесілі WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулердің барлығы бүгін, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде сарапқа салынған болатын.

12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварес жеңіске жетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
3
6
1
18
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel