RU
ШҚО-да әжесін қорғамақ болған жігітті туған әкесі пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да әжесін қорғамақ болған жігітті туған әкесі пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Науқас әжесін қорғамақ болған жігіт туған әкесінің қолынан ажал құшты. ШҚО қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының материалдары бойынша, оқиға әке мен баланың бірге ішімдік ішуінен басталған деп хабарлайды AltayNews.kz.

ШҚО-да әжесін қорғамақ болған жігітті туған әкесі пышақтап өлтірді

Көрнекі фото: kaz.altaynews.kz

Ермек Ахметовтің (кейіпкерлердің есімдері өзгертіліп алынды - ред) жұбайының айтуынша, олардың жеке баспанасы болмағандықтан, пәтер жалдап тұрыпты.

Маусым айында әкесімен бірге Семейде тұратын әжесі ауырып қалды деген хабар келген. Қарт әйел жамбас буынынан ауыр жарақат алып, аяқ баспай қалыпты. Немересі әжесінің қалын сұрап, қолынан келген көмегін көрсетейін деген оймен Семейге аттанған.

Әкесімен жолыққан Ермек сол жолы ішімдіктен бас тарта алмаған көрінеді. Әжесінің айтуынша, әке мен бала бірнеше күн ішкен. Ақыры шыдамы таусылған Гүлмира (Ермектің әжесі) ашуланып, ұлы мен немересінің бұл қылығына қатысты бар ойын Серікке айтып салады.

Арада жанжал туған соң, Ермек әжесіне араша түспек болған.

Денсаулығына зиян келтіретін әрекет жасамаса да туған ұлының бұл қарсылығын көтермей, бойын ашу-ыза кернеген әке үстел үстіндегі пышақты бас салып, ұлының жүрек тұсынан сұғып алады. Ермек сол жерде тіл тартпай кеткен.

Есін бірден жиып алған әкесі ұлын құтқаруға ұмтылған болу керек. Бір шелек суды қимылсыз жатқан Ермектің үстінен құйып жібереді де, көршілеріне барып жедел жәрдем мен полиция шақыртуларын сұрайды.

Сот шешімімен ұлын өлтірген ер адам кінәлі деп табылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді. 

Сондай-ақ, ол ұлынан қалған екі немересі мен келініне 4,5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
8
9
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel