RU
"Сені жоқ қыламын": Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
Жаңалықтар Спорт

"Сені жоқ қыламын": Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақ бойынша жаңа әлем чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альваресті кездесуге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

АҚШ-та дебют жасауға дайындалып жүрген Жәнібек Әлімханұлы өз кезегінде Генаны жеңіп кеткен мексикалық боксшыны сұлатып салатынын алға тартты.

"Канело, сенің қуанышың ұзаққа созылмайды. Мен сені оңай жеңетін бірінші боксшы боламын. Мен саған қазақ боксының стилін көрсетемін. Мен дайынмын!",- деп жазды 25-жастағы қазақ баласы Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, орта салмақтағы Головкинге тиесілі WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулердің барлығы бүгін, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде сарапқа салынған болатын.

12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварес жеңіске жетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
22
7
5
1
6
176
35
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel