Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасын мерекемен құттықтаған шымкенттік депутат жылап қалды (видео)

Опубликовано:

Шымкенттіктер Аналар күніне жүрек елжіретерлік құттықтау жолдады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

пецпцфук
Скриншот: видео "Аналар күніне арналған ролик": UGC

Шымкент қаласы әкімді баспасөз қызметінің себепші болуымен бір топ шымкенттіктер Аналар күні мерекесімен барша әйелдер қауымын құттықтады. Құттықтаушылар қатарында қарапайым мұғалімнен бастап бизнесмен, дәрігер, құрылысшы, тіпті бүлдіршіндерге дейін бар.

Барлығы да «ана» деген қасиетті ұғымның мәні мен кез келген адамның өмірінде алар ерекше орны туралы атап өтіп, аналарына алғыс айтты. Тіпті қалалық мәслихат депутаты көзіне жас алып та қалған.

"Біз бұл күнге ерекше құттықтау дайындау мақсатында түрлі нұсқауларды назарға алдық. Отандық ақындардың туындыларын алып, оны құттықтаушылар кезегімен айтып шықса қалай болар екен деп те ойландық. Бірақ кейінен жаттанды өлең жырынан гөрі қарапайым сөзбен құттықтау шынайы шығатынын түсіндік. Меніңше, біздің қолымыздан келген секілді", - деді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752947-anasyn-merekemen-kttyktagan-symkenttik-deputat-zylap-kaldy-video/

pixel