RU
18 жастағы "жезөкше" қыздың анасын қала әкімі ел алдында масқаралаған
Жаңалықтар Әлемде

18 жастағы "жезөкше" қыздың анасын қала әкімі ел алдында масқаралаған

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Термез қаласында 10 қыркүйекте қалалық әкімшілік орталық алаңда жиын өткізіп, жезөкшелікпен айналысты делінген 18 жастағы қыздың анасы мен туыстарын көпшілік алдында масқаралаған деп жазады Centralasian.org.

18 жастағы "жезөкше" қыздың анасын қала әкімі ел алдында масқаралаған

Көрнекі фото: SN.kz

Белсенділердің сөзіне қарағанда, қала басшысы жиналыста қыздың анасы мен үш туысын тізерлеп отыруға бұйырып, одан соң оларды көпшілік алдында әбден ұятты қылыпты.

"Қала басшысы, милиция бастығы және прокурор жиналған көпшілік алдына әйелдерді алып шығып, оларды халық алдында соттайтынын айтты. Әйелдер өздерін масқараламауын өтінген, бірақ шенеунік оларға: "Тыныш тұр, сендердің менің сөзімді бөлетін қақыларың жоқ", - деп мәлімдеген. Кейін біз бұл әйелдердің жезөкше деген атқа қалған 18 жастағы қыздың анасы мен туыстары екенін білдік", - деді Термез тұрғыны.

Термез тұрғындарының көбі қала билігінің әрекетіне наразы болды.

"Біріншіден, 18 жастағы қыздың анасы кінәлі емес. Екіншіден, бұл қызың кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Термезде жезөкшелер саны көбейген болса, оған жұмыссыздық пен халықтың күнкөрісінің төмендегені кінәлі", – деді тұрғындардың бірі.

Термез қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі осы мәселеге қатысты сауалдарға жауап берген жоқ. Ал қалалық білім бөлімінің меңгерушісі Малохат Холлиеваның хабарлауынша, 18 жастағы қыз жезөкшелікпен шұғылданып қана қоймай, қалалық аурухана медбикесін ұруға қатысқаны үшін де айыпталып отыр екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
2
8
1
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel