RU
Саунада қыздарды саудалап, "жеңгетайлық" еткен өскемендік әйелдер ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Саунада қыздарды саудалап, "жеңгетайлық" еткен өскемендік әйелдер ұсталды

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да тәртіп сақшылары қалалық сауналарда «жеңгетайлық» жасаған екі әйелді ұстады деп хабарлайды AltayNews.kz.

Саунада қыздарды саудалаған

Көрнекі фото: Nukte.kz

Ұсталғандардың бірі - 56 жастағы монша әкімгері еркектерге интимді қызмет көрсетуші қыздарды өзі ұсынатынын мойындады.

Ал екінші күдікті 52 жастағы семейлік әйел болып шықты.

Сауна меңгерушісінің жасап жатқан «жеңгетайлығы» жайында полицейлерге 23 жастағы қала тұрғыны хабар берген.

Сақшылар істің ізін суытпай, “STOP трафик” жедел-алдын алу шарасының нәтижесінде күдікті әйелді құрықтады.

Екі оқиға негізінде де қылмыстық кодекстің 309 бабы 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel