RU
Атырауда парк ішінде сүйіктісіне сөз салған жігіттің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда парк ішінде сүйіктісіне сөз салған жігіттің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Атырау қаласының «Ретро» паркінде жас жігіт сүйіктісіне өмірлік жары болуы үшін сөз салу барысында пиротехникалық құрылғыларды пайдаланып отшашу ұйымдастырған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда парк ішінде сүйіктісіне сөз салған жігіттің басы бәлеге қалды

Көрнекі фото: www.fotolia.com

«Қызулы романтикалық қуанышты байқаған полиция қызметкерлері жас жігітке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Сотта 21 жастағы жігіт өзінің кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады», - деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 33 670 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
5
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel