RU
Қандай адамдар бұрынғы сүйіктісін аңдитынын білесіз бе?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қандай адамдар бұрынғы сүйіктісін аңдитынын білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

Іштей өзіне сенімсіз жандар Facebook желісі арқылы бұрынғы сүйіктілерін аңдып отырады. Сондай-ақ, олар әлеуметтік желі арқылы өздерінің әлдеқайда бақытты екендерін көрсетуге тырысады. Яғни, шын мәнінде, олар іштей өздерін бақытсыз сезінеді деп жазады Sputniknews.kz.

Қандай адамдар бұрынғы сүйіктісін аңдитынын білесіз бе?

Көрнекі фото: placepic.ru

Зерттеу жұмысын NUI Galway психология мектебінің мамандары жүргізді.

Олардың айтуынша, өздеріне сенімсіз және депрессияда жүрген адамдар бұрынғы сүйіктілерін әлеуметтік желіде аңдып отырады.

Мамандар 717 ересек қолданушыдан Facebook желісінде анкета толтыруды өтінді. Кейін зерттеу нәтижесін BMC Psychology журналында жариялады. Сондай-ақ, мамандар іштей қатты мазасызданып жүрген жандардың өздерін өзгелермен салыстыруға бейім екендерін айтып өтті.

Бұдан өзге адамдардың сырт көзге жақсы болып көрінуіне әлеуметтік желілердің мүмкіндік беріп отырғаны айтылды. Яғни өзіне берер бағасы төмен жандар әлеуметтік желіде өздеріне қатысты ақпаратты тым әсірелеп жазғанды ұнатады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
5
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel