RU
Есірткі үшін 13 жылға сотталған өзбек имамы ақыры ақталып шықты
Жаңалықтар Әлемде

Есірткі үшін 13 жылға сотталған өзбек имамы ақыры ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

13 қыркүйекте Ташкент қалалық соты есірткі саудасына қатысы бар деп 13 жылға сотталған Хорезм имамы Хикматулла Юсуповты сот залынан босатты деп хабарлайды Centralasian.org.

Есірткі үшін 13 жылға сотталған өзбек имамы ақыры ақталып шықты

Фото: Centralasian.org.

2016 жылдың ​25 қаңтарында Хикматулла Юсупов есірткі саудасына қатысы бар деп айыпталып, он үш жылға бас бостандығынан айырылған. 2017 жылы Ташкент соты алғашқы үкімді күшінде қалдырыпты.

Имамның әйелі Мехрибон Рахматуллаеваның ашық хатынан кейін, Өзбекстан Бас прокуратурасы Жоғарғы сотқа істі қайта қарау туралы арыз түсірген.

Тергеу барысында Хикматулла Юсуповқа қатысты істің қолдан жасалғаны анықталған.

Хикматулла Юсупов 1993 жылдан бері Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасына қарайтын мешіттер мен медреселерде жұмыс істеп келген.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Хорезм облыстық әскери прокуратурасы Хикматулла Юсуповтың түрмеге отыруына арнайы қызмет өкілдері мүдделі болғанын анықтаған. Қазіргі кезде оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
6
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel