RU
Головкинді чемпиондық атағынан айырған Альварес дүркіретіп тойлатуда (фото)
Жаңалықтар Спорт

Головкинді чемпиондық атағынан айырған Альварес дүркіретіп тойлатуда (фото)

Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің чемпиондық белбеулерін тартып алғанын жабық кеште атап өтуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Тартысқа толы жекпе-жекте жеңімпаз атанған боксшы баспасөз конференциясы біткен бойда түнгі клубқа аттанған сыңайлы. Ол достарымен бірге өзінің жеңісін тойлап жатыр екен.

Аталмыш кеш жабық түрде өтуде. Алайда суреттер Instagram желісіне тарап үлгерді.

Естеріңізге сала кетсек, орта салмақтағы Головкинге тиесілі WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулердің барлығы бүгін, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде сарапқа салынған болатын.

12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварес жеңіске жетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
6
1
32
3
11
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel