Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамедиұлы Головкинге: Сен - біздің мақтанышымызсың

Опубликовано:

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы күні кеше күллі әлем көз тіккен жекпе-жекте алғаш рет жеңіліс тапқан Геннадий Головкинге қолдау білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: kp.kz
Фото: kp.kz: UGC

Министрдің сөзінше, чемпиондық атағынан айырылған боксшыға қазақ халқының махаббаты еш суымайды, ол Қазақстанның мақтанышы болып қала береді.

Спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүретінін де еске салған Арыстанбек Мұхамедиұлы жарқын жеңістердің әлі алда екенін айтты.

"Қазақстан халқының өз батыры Генаға деген махаббаты еш суымайды. Сен бүкіл әлемге Қазақ боксының әлеуетін дәлелдедің. (.... ) Сенің кәсіби мансабыңда жарқын жеңістер болды әрі болады да. Сен - біздің мақтанышымызсың", - дейді министр.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде отандасымыз Геннадий Головкин кәсіби мансабында алғаш рет мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1752978-mhamedily-golovkinge-sen-bizdi-maktanysymyzsy/

pixel