Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

124 келі қазы мен 2,6 тонна бензин: Жаңа iPhone Xs Max смартфонына не алуға болады

Опубликовано:

Apple компаниясы жаңа iPhone смартфонын елге таныстырғаны сол-ақ екен, желіде оның бағасына қатысты түрлі әзіл-қалжыңдар пайда бола бастады. Мәселен, "Бүйрегіңді сатып, жаңа айфон сатып алғанда, айфонның жаңа нұсқасы шықса не істеу керек?", - деген сыңайлы әзілдер өте көп. Осы орайда, NUR.KZ құны шарықтап тұрған жаңа айфонның орнына не алуға болатынын зерттеп көрді.

Жаңа iPhone Xs Max смартфонына тағы не алуға болады
Фото: Повар.ру, digitaltrends.com, sitel.com.mk: UGC

Америкалық нарықта бағасы 449 бен 1099 доллар аралығында бағаланған iPhone Қазақстанға келгенде қанша болатыны әлі белгісіз. Смартфонға тапсырыс алып жатқан отандық ритейлерлер оның нақты құнын ашып айтып отырған жоқ. Бірақ жаңа айфонның ең қымбат моделі қазіргі доллар бағамымен есептесек, 412 мың теңгеден асады екен.

Көршілес Ресейде iPhone Xs Max моделі 96 990 рубльден жоғары бағада сатылмақ, ал бұл теңгемен есептесек 533 мың теңгеге тең. Ал толық жиынтықтағы iPhone Xs Max-ты ресейліктер 127 990 рубльге сатып ала алады. Бұл дегеніңіз, 700 мың теңге.

Қазақстандық жергілікті дүкендер жаңа смартфонның құнын әлі де айтпай отыр, алайда біздің елде сатылым 28 қыркүйек күні басталатынына уәде етті.

iPhone Xs Max-тың құны 412 215 теңге болса, бұл бағаға не алуға болатынын назарға ұсынамыз.

Мәселен, тұрмыстық техникаңызды жаңарта аласыз. 199 990 теңгеге екі камералы Samsung тоңазытқышын, 122 990 теңгеге 6 келілік жүктемесі бар LG кір жуғыш машинасын, сонымен бірге 84 790 теңгеге Thomas шаңсорғышын алуға болады.

Бұл тауарларды жалпы құны 407 770 теңгеге алуға болады, оның сыртында тағы да бес мың артылады екен.

Ұлттық әуетасымалдаушы компания Алматы-Париж және Париж-Алматы бағытындағы билеттерді 392 443 теңгеге бағалап отыр. Есесіне сіз 31 желтоқсан күні Парижге ұшып барып, жаңа жылды сонда өткізуге мүмкіндік аласыз. Бұл соманың сыртында тағы 19 772 теңге артылады.

Бұдан бөлек, жаңа iPhone-ның орнынан келісі 3300 теңгеден 124 келі қазы және келісі 1600 теңгеге 55 келі сиырдың етін ала аласыз.

Литрі 155 теңгеде болса, 2659 литр АИ-92 маркалы жанармай алуға болады немесе екі электросамокат алуға болады. Оның үстіне бұл сомадан 83 015 теңге артылады екен.

Сонымен бірге жаңа айфонның орнына әрқайсысы 134 900 теңге тұратын жады 32gb-қа тең үш iPhone SE смартфонын алуға болады. Ал қалтаңызда қосымша сегіз мың теңге қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752996-124-keli-kazy-men-26-tonna-benzin-zaa-iphone-xs-max-smartfonyna-ne-aluga-bolady/

pixel