RU
"Канело" мен Головкиннің келесі жекпе-жегі Мәскеуде өтуі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

"Канело" мен Головкиннің келесі жекпе-жегі Мәскеуде өтуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі Ресей астанасында өтуі мүмкін. Ресейдің бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев рематч өткізуге дайын екендігін жеткізген деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vk.com/ggolovkin

Фото: vk.com/ggolovkin
Source: UGC

Кремлевтің айтуынша, Головкинге өз мансабын аяқтауға әлі ерте екен. Оның пікірнше, боксшы әлі тың және ол алдағы уақытта талай жетістіктерге жетуі мүмкін екен.

Сонымен бірге ол Альварес пен GGG үшінші жекпе-жек ұйымдастыруы мүмкін деп болжап отыр.

"Ол жекпе-жек Мәскеуде өтсе өте қуанышты болатын едім",-дейді ол. Маманның айтуынша, ол тіпті үшінші жекпе-жекті өткізуге қазірдің өзінде дайын екен.

Айта кетерлігі, күні кеше ғана Лав-Вегастағы T-Mobile аренасында боксшылар екінші рет жекпе-жек өткізген еді. Төрешілердің шешімімен, жекпе-жек жеңімпазы мексикалық Сауль Альварес деп танылды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
3
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel