RU
Алтынай Жорабаева өзіне орынсыз сұрақ қойған оқырманын сөгіп тастады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алтынай Жорабаева өзіне орынсыз сұрақ қойған оқырманын сөгіп тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші әлеуметтік желідегі тікелей эфирі барысында өз оқырманын сөгіп тастады. Алтынай Жорабаева өзінің мазасын алып қоймаған жанкүйеріне дөрекі жауап қайтарып, ғаламторға сынға қалды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Алтынай Жорабаева өзінің тыңдармандарымен тілдесейін деп Instagram желісі арқылы тікелей эфирге шыққан болатын. Оған кірген көпшілік әншіге түрлі сұрақтар қойып, өз тілектерін жаудырды.

Отандық жұлдыздың тікелей қосылымына кірген оқырмандарының бірі оның жеке өміріне қатысты сұрақ қойып, оған жауап ала алмаған соң "көп сөйлемей сұраққа жауап берші" деп қатты жазып жіберген.

Нәтижесінде, ашуға булыққан әнші оқырманын сөгіп тастап, тікелей эфирінен шығып кетуін сұраған.

"Пошел вон отсюда, осындай еркектерге жыным ұстайды да. Сонда қоятын сұрақтары кілең жеке өміріме қатысты да" , - деп айтты Алтынай Жорабаева.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
0
0
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel