RU
10-шы қабаттан құлап кеткен жұмысшы ғажайыптың күшімен аман қалды
Жаңалықтар Әлемде

10-шы қабаттан құлап кеткен жұмысшы ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан астанасындағы "Көк-жар" шағын ауданында құрылыс жүріп жатқан ғимараттың 10-шы қабатынан жұмысшы құлап кетті. Ең қызығы, биіктен құлаған ер адам ғайыптың күшімен аман қалған деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Саид Царнаев

Фото: Sputnik / Саид Царнаев
Source: UGC

Оқыс оқиға 15 қыркүйек күні орын алған. 30 метрлік биіктіктен құлап кеткен ер адам Бішкектегі жарақат алу бойынша ғылыми-зерттеу орталығына жөнелтілген.

Онда азаматтың кеуде қуысы жарақатын алып, аяғының сынғаны анықталған. Оған қоса, жұмысшыда ми шайқалуы да бар болып шықты.

Қазіргі таңда ер адам реанимация бөлімінде жатыр.

Оқиғаға қатысты Бішкектегі Октябрьск ауданындағы полиция басқармасы тексеріс жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel