RU
"Ол бәрібір жеңімпаз": Танымал тұлғалар Головкиннің жеңілісін қалай қабылдады?
Жаңалықтар Спорт

"Ол бәрібір жеңімпаз": Танымал тұлғалар Головкиннің жеңілісін қалай қабылдады?

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин мен "Канело" Альварестің арасындағы екінші жекпе-жек мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, GGG өз мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады. Бұл кездесуден соң отандық танымал тұлғалар Головкинге қалай қолдау көрсетті? Бұл туралы NUR.KZ жазады.

Геннадийді әлеуметтік желіде алғаш болып қолдаған Димаш Құдайберген болды. Ол өз парақшасында Генаның бәрібір мықты екенін айтқан.

"Сен біз үшін бәрібір мықтысың. Сен нағыз чемпионсың. Қазақстанның атын шығарып жүргеніңе рахмет. Алға!", -деген ол.

Бұл пікірді Димаштың өнердегі әріптесі Нұржан Керменбаев та қолдаған.

"Гена, сен біз үшін чемпионсың", - деп жазған ол.

"Алла абыройдан айырмасын. Сен бүкіл әлемді мойындатқан чемпионсың! Чемпион болып қаласың. Тариxта қаласың Ин Шаа Алла" - деп жазған Алтынай Жорабаева.

Головкинді қолдаған әншілердің қатарында Ернар Айдар да болған.

"Жеңетініне әбден үйреніп қалғаннан ба...Сенбейсің де. Жеңу керек еді ғой... Мен үшін Гена чемпион" ,- деген ол парақшасында.

Ал актриса, әнші әрі продюсер Әсел Сәдуақасова жеңістің дәмін сезіну үшін жеңіліп тұру қажет екенін де айтқан.

"Гена сияқты адамдардың бар екеніне қуанамын. Біз оның жеңісіне бірге қуанып, жеңілісінде бірге жылаймыз. Бірақ, ең бастысы, барлық елімізбен.Барлықтарыңызға сәтті күн тілеймін. Жеңіліс болмаса жеңістің дәмін сезініу мүмкін емес қой",- деді Сәдуақасова.

"Бәрібір чемпион", -деп жазды Тәуекел Мүсілім.

Ал отандық "КешYou" тобының ресми парақшасы "Алла жар болсын, Генадий! Бизнестен спорт басым түседі деп сенеміз! " деген жазба қалдырған.

Отандық бокшсы Бақтияр Артаев та Facebook парақшасында "Біз үшін GGG бірінші" деген суретпен бөліскен.

Әнші Абай Бегей де Генаны қолдап, жазба қалдырыпты.

"Гена біз үшін чемпионсың, еңсең түспесін. Айқын жеңіліс болған жоқ. Сауль Альварестің көп соққы алып жеңіп кеткені әділ болмады" - деген ол.

"Гена, красавчик! Әділетсіздік деген осы ғой... Гена жеңілген жоқ, жоқ дегенде тең болу керек еді. 7-ден 12-ші раундқа дейін біздікі болды және соңын алып отырды, бұл менің жеке пікірім. Енді кәсіби мамандардың пікірін тыңдайық, оқиық. Ең өкініштісі, барлық титул кетіп қалды. Бірақ біз сонда да Генаны әрқашан қолдаймыз және ол біз үшін чемпион болып қалады" ,- деді актер Асылхан Төлепов.

Ал әнші Бағлан Әбдірайымов бәрібір Генаның мықтылығы көрініп тұрғанын жеткізді.

"Осылай боларын біраз кісі болжаған болар! Десек те сүйікті спортшымызды жеңіліске қимай тұрдық. Бәрі - бір мықтылығың көрініп ақ тұр, батыр! Біз үшін жеңімпазсың!"- деді ол жазбасында.

Белгілі журналист Дана Нұржігіт те өз парақшасында Генадий Головкинді қолдайтынын айтқан.

"Ол қарымта қайтарады! Мен сенемін! Еңсең түспесін,Гена! Сен бәрібір біздің Чемпионсың!",- деген ол өз жазбасында.

Ал Мадина Сәдуақасова спортта барлығы болатынын айтқан.

"Бұл жеңімпаздардың жекпе-жегі болды! Бұл спорт, достар",- деп жазды ол.

Танымал журналит Ринат Кертаев та Генаға бекем болу қажеттігін айтты.

"Біз сенімен біргеміз! Өзіңе бекем бол! Әлемге атын шығарып, керемет жарнама жасап жүрген батырын мемлекеті де, xалқы да қолдайды деп сенемін!" ,- деген ол жазбасында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel