RU
Головкиннің бапкері күтпеген мәлімдеме жасады (видео)
Жаңалықтар Спорт

Головкиннің бапкері күтпеген мәлімдеме жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес күні кеше мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп қалған шәкіртіне қатысты өз ойын білдірді деп хабарлайды FIGHTNEWS.INFO порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Prosports.kz

Фото: Prosports.kz

Абель Санчестің сөзінше, Головкин бапкердің ережелері бойынша жұдырықтаспай, өз ұстанымдарымен өнер көрсеткен.

"Ойлаңыздаршы, неліктен бірінші жекпе-жекте Канело өз дегенімен өнер көрсете алды? Біз, жаттықтырушылар, өз міндетімізді атқарып, оларды жаттықтырып, жаттығу кезінде қолымыздан келгенше жұмыс істейміз. Сонымен бірге ойын жоспарын да жасаймыз. Олар алаңға шыққанда өздеріне ыңғайлы болатындай әрекет етуі мүмкін. Біз оларды істегісі келмеген әрекетті жасауға мәжбүрлей алмаймыз. Мен Чепо Канелоның бірінші жекпе-жектегідей ойын көрсеткенін қаламағанына сенімдімін.
Бәлкім, Геннадий осы жолы менің қалағандай жұдырықтасқысы келмеген болар. Сондықтан, олар алаңға шыққанда өздеріне анағұрлым жақсы болатын тәсілдерге көшеді. GGG Канелоға шабуылдағанын қалаған едім. Егер Сауль алаңның ортасында болса, онымен сол жерде төбелесуі керек еді. Ал Геннадий өз көзқарасы бойынша өнер көрсетуді шешті", - деген бапкер Головкиннің ештеңеге қарамастан жақсы жекпе-жек көрсеткенін атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
6
5
9
3
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel