RU
Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?
Жаңалықтар Қоғам

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы оның Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін мәлім етті. Бұл туралы BoxingScene сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Фото: Hbo boxing

Фото: Hbo boxing
Source: UGC

Адель Санчестің сөзіне сүйенсек, "Канелоның" жеңіске жеткеніне қарамастан, оның Golden Boy Promotions өкілдері үшінші жекпе-жектің өтуіне қызығушылық танытып отыр. Осыған байланысты, келесі кездесудің уақыты 2019 жылдың 5 мамыры болуы мүмкін екен.

Головкиннің жаттықтырушысы оны ертерек өткізу мүмкін емес деп отыр. Себебі спортшы қайта қалпына келіп, күшін жинақтауы керек дейді.

Еске салсақ, кеше, 16 қыркүйек күні қазақстандықтар аты аңызға айналған боксшылар жекпе-жегін тамашалап, отандасымыз үшін жанкүйерлік еткен болатын.

Алайда 12 раундқа созылған кездесу төрешілердің шешімі бойынша Канелоның жеңісімен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel