RU
Танымал блоггер еліміздегі қаржылай тұрақсыздыққа сын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Танымал блоггер еліміздегі қаржылай тұрақсыздыққа сын айтты

Рассказать Вконтакте

«Аумалы-төкпелі кез болған соң ба, әркім жасына жараспайтын жүк көтеріп, мақсатына апармайтын арбаға мінгесіп жүр. Саясат, экономикаңды былай қой, ауа райын болжаудың өзі қазір өнбейтін іс. Былай қарасаң, біздің банктер балаңды аманаттап тапсыруға болатындай аяулы түр көрсетуші еді, қайдағы, өз түшкіргендерінен өздері ұшып жатыр. Себебін іздесең, көбісі банктің қазынасына жеке қалтасындай қараған, тәуекелін есептемей, жеке бизнесіне несиені тоғытқан.. Бұлардың қасында кейде квазимемлекеттік компания да басқарудың жақсы үлгісін көрсете алады екен. Мысалы, Қазақтелеком», - деп бастады өз сөзін Өркен Кенжебек.

Танымал блоггер еліміздегі қаржылай тұрақсыздыққа сын айтты

Блоггердың ойынша, «Қазақтелеком» ел бойынша жоғары технологиялық өнімдерді сыртқа сататын, онысына көк қағазбен пұл алатын компанияның бірі. Мәліметтерді тасымалдаумен-ақ жақсы кэш ұстап қалу үшін компания PEARL деген транзиттік телекоммуникациялық бағытты салып жатқанын да мәлім етті.

«Қазақтелеком елімізде Гугл мен Фэйсбукке өзінің қызметін сататын бір-екі компанияның бірі. Мысалы, ТМД елдерінің ішіндегі ең ірі дата орталық біздің Павлодар облысында екенін білерсіздер. Ал мұнда Гугл, Фэйсбук, Алибаба сервистеріне дем беріп, қосымша сақтап отырады, сондықтан, оны «Гуглдың Қазақстандағы аялдамасы» десе де болады. Одан кейін ақыры электр қуаты бізде арзан болған соң, блокчейн технологиялардан да пайда басып қалғысы кеп отыр. Қазір «Қазақтелеком» мен майнинг саласындағы ең ірі ойыншының бірі Genesis Mining компаниясымен келісім жасалған. Жылына 2000 МВатт артық электр қуатын өндіреміз десек, соның 500МВатын жалғыз Genesis Mining-тың өзі игеріп тастайды. Сондықтан, «Қазақтелеком» көзкөрер келешекте жүздеген дата орталықтарды ашып қойып, жай ғана есептеу мүмкіндіктерін сатумен байи береді».

Еліміздегі тұрақсыздықты сынай отырып, Өркен Кенжебек позитивтік пост жариялағаны үшін оқырмандарынан рахмет айтуды сұрады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel