Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

Опубликовано:

Ақтөбеде бензовоз жарылып, бір адам мерт болған еді. Бүгін таңертең жарылыс салдарынан тағы бір адамның көз жұмғаны белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: oblvesti.com.ua
Көрнекі фото: oblvesti.com.ua: UGC

Басылымның мәліметінше, мұнай базасы операторларының бірінің денесінің 50 пайызын күйік шалып, ол кеше жан тапсырған еді. Ал бүгін, денесінің 85 пайызын күйік шалған әйел адам мерт болған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеген.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда күйік дененің көп бөлігін шалған," - дейді мамандар.

Айта кетейік, қыркүйектің 10-ы күні "CNPC — Ақтөбемұнайгаз" қытай компаниясының мұнай базасында 49 жастағы бензовоз жүргізушісі мен станцияның екі бірдей операторы жарақаттанған еді.

Бүгінде жүргізуші ауруханадан шыққан. Ал қалған екеуі дәрігерлер бақылауында жатқан еді. Қазіргі таңда төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрылған. Еңбек инспекторларының айтуынша, жарылыстың басты себебі – техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1753064-aktbedegi-zarylystan-tagy-bir-adam-kajtys-boldy/

pixel