RU
Сүйіктісі ұшақта ұсыныс жасаған стюардесса жұмысынан айырылып қалды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сүйіктісі ұшақта ұсыныс жасаған стюардесса жұмысынан айырылып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы әуе компанияларының бірінде стюардесса аруға сапар кезінде тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Сүйіктісінің ерекше тосынсыйына қуанған бойжеткен оған "иә" деп жауап береді. Алайда әуе компаниясының басшылығы бұл әрекетті әбестік деп танып, қыздың бар көңілін түсіріп жіберді. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: rabstol.net

Көрнекі фото: rabstol.net

Бұл Қытайдағы күнделікті ұшатын әуе рейстері болған. Ұшақ аспанға көтеріле сала, онда отырған жолаушылардың бірі стюардессаның алдына тізерлей отырып, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс білдіреді.

Мұндайды күтпеген қыз қатты таңғалып, сүйіктісіне келісімін береді. Ал жолаушылар оларды жарыса құттықтап, видеоға түсіріп алған.

Өкінішке орай, әуе компаниясының басшылығы қызметкерді "жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп, жұмыс уақытында тәртіпсіздікке бардың" деп кінәлап, жұмыстан шығарып жіберген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel