RU
Атырауда бойжеткен мен алты жасар ұл мінген лифт құлап кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда бойжеткен мен алты жасар ұл мінген лифт құлап кетті

Рассказать Вконтакте

16 қыркүйек күні Атыраудағы тұрғын үйлердің бірінде ішінде 24 жастағы бойжеткен мен кішкентай бала болған лифт құлап кетті. Оқиғадан зардап шеккендер дереу облыстық ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды "Ақ жайыққа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Оқиға 16 қыркүйек күні сағат 23.00 шамасында Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйде орын алған. Үшінші қабаттан құлаған лифт ішіндегі 24 жастағы әйел мен 6 жасар бала түрлі жарақат алып, бірден облыстық ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар үйлеріне жіберілді.

Бұл оқиғаға қатысты жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мәлімдеме жасаған.

"Лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа қарай артық салмақ салдарынан күрт тежелуі орын алған" , - деп айтты мекеме өкілдері.

Үй тұрғындарының айтуынша, 2013 жылы олардың лифтісі ауыстырылғанымен ол бірнеше рет бұзылған.

Қазір мұнай астанасындағы 114 үйде 301 лифт бар. Олардың 266-сы жолаушылар және 25-і жүк лифтісі, 19-ы істен шыққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel