RU
Алдағы уақытта қазақстандықтар алған қарыздары үшін де есеп бермек
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алдағы уақытта қазақстандықтар алған қарыздары үшін де есеп бермек

Рассказать Вконтакте

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазақстандықтар кірістері мен мүліктері үшін ғана емес, алған қарыздарына да есеп беретін болады деп хабарлайды kazpravda.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: alau.kz

Көрнекі фото: alau.kz
Source: UGC

Жаңа өзгерістер енгізілген соң 13 млн қазақстандық есеп береді деген болжам бар.

Енді мемлекет тұрғындары мүліктері мен тұрғын үй құрылысындағы үлестері, сондай-ақ, банк есепшотындағы ақшалары мен қолдағы ақшалары (кем дегенде 500 айлық ең төмен мөлшері- 14,1 млн теңге) , сондай-ақ, қарыздары (14,1 млн теңгеден көп) туралы мәлімет беретін болады.

Егер тұлғаның қарызы біреу ғана болмаса, онда олардың барлығын жазуға міндетті болады. Ал егер қарыз мөлшері 14 млн теңгеден аз болса, есепке қосудың қажеті жоқ.

Қарыздарды қарыз келісісшартымен немесе қолхатпен бекітуге болады.

Сонымен, қазақстандықтар есеп беруді 2020 жылы бастайды. Олардың қатарында мүлкі жоқ азаматтар да бар. Олар айлық мөлшері мен алимент туралы мағлұмат беретін болады. Ал ештеңесі болмаған жағдайда , құжатқа есеп беретін уақытта еш мүлкі пайда болмағанын жазуы керек. Деректердің дұрыстығын дәлелдеудің еш қажеті жоқ, алайда техника барлық кіріс пен шығысты есептеп отырады.

Заңды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алғашқыда ескерту берілсе, бір жылда екінші рет қайталанса- үш айлық ең төмен мөлшердегі жалақы айыппұл салынады.

Бұл іс елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресу мен әр қазақстандықтың қалай өмір сүретінін білу үшін жасалмақ.

Сіздің реакцияңыз
13
5
4
2
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel