RU
Air Astana ұшағының өртенген қозғалтқышы сараптамаға жіберілді
Жаңалықтар Қоғам

Air Astana ұшағының өртенген қозғалтқышы сараптамаға жіберілді

Рассказать Вконтакте

Air Astana әуе компаниясының өртке оранған қозғалтқышы ақауларын анықтап, жөндеу үшін сараптамаға жіберілді деп хабарлайды тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 7kun.kz

Фото: 7kun.kz
Source: UGC

Оқыс оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізілген.

"15 қыркүейек күні "Атырау-Астана" бағытында сапарын аяқтаған Airbus А320 ұшағы Астанадағы әуежайға 17 сағат 17 минутта келіп қонған. Ұшар алдында толық техникалық тексеруден өтіп, сапарға дайын болған.
Астанаға келіп қонғаннан кейін екі қозғалтқышты да сағат 17:26-да өшірген. Сол уақытта инженерлік қызмет сол жақ қозғалтқыштан түтін шығып жатқанын байқайды. Өрт 17:39-да толықтай сөндірілді.
Экипаж жолаушыларды оқыс оқиға туралы дер кезінде құлақтандырып, барлығы бақылауға алынғанын жеткізген. 91 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі штаттық тәртіпте ұшақтан шығарылған. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазған әуе компаниясының өкілдері.

Еске салсақ, сенбі күні Air Astana компаниясына тиесілі ұшақтың қозғалтқышы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайына келіп қонған сәтте жана бастаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel