RU
Астаналықтар жаңа әкімнен не күтеді?
Жаңалықтар Қоғам

Астаналықтар жаңа әкімнен не күтеді?

Рассказать Вконтакте

Астана тұрғындарының жаңа әкім Бақыт Сұлтановтан не күтетінін білу үшін NUR.KZ тілшісі олармен сұхбаттасып көрді.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Source: UGC

"Бақыт Сұлтанов бұрынғы қаржы министрі болғандықтан, барлық астаналықтарға қаржылай сыйақы жасаса болмай ма? Әзілдеймін.

Тек қаладағы су жиналып қалатын көшелер мәселесін шешсе. Исекешов бастаған еді, енді соны соңына жеткізсе", - дейді Серікбол есімді студент.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Source: UGC

"Республиканың бойындағы сауда орталығын бітірсе деймін. Бұл қаладағы ең ұзақ салынып жатқан ғимарат болды. Мәселенің неде екенін әкім біліп көрсе", - дейді Альбина есімді қала тұрғыны.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Source: UGC

"Жаңа үйлерді сапалы етіп соқса. Қаржы министрі тез арада салынып біте салатын үйлерге мән беретін шығар. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалармен салынатын үйлер", - дейді тағы бір тұрғын.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Source: UGC

"Қосшыны Астанаға қосса екен. Біз сонда тұрамыз, қалада жұмыс істейміз. Қаладағы ауруханаларға қаралайын десек өте қымбат", - дейді қала маңында тұратын әйел.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко
Source: UGC

"Әкім Исекешовтың жолын жалғап, әлеуметтік желілердің барлығына тіркеліп алса, Facebook пен Instagram парақшаларында халыққа жауап қатып отырса жақсы болар еді. Тұрғындармен жиі кездесу ұйымдастырған кезде барлық мәселе ашық шешілер еді", - дейді Светлана.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel