RU
"Төле десе төлейміз": Қайрат Нұртас айыппұл төлеуден қашпайтынын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Төле десе төлейміз": Қайрат Нұртас айыппұл төлеуден қашпайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші қазақстандық шоу-бизнестегі ашық-шашық образды бейнебаяндар үшін салынуы мүмкін айыппұл туралы өз ойын білдірді. Қайрат Нұртас үкімет тарапынан мұндай заң енгізілсе, қажетті қаржыны төлеуден бас тартпайтынын айты деп жазады NUR.KZ.

Халық сүйіктісіне айналып кеткен әнші өз бейнебаяндарында ашық-шашық образдардың жоқтығын алға тартып, клиптерін барынша қазақи үлгіде түсіруге тырысатынын ескере кетті.

"Мен не үшін төлеуім керек? Менің бейнебаяндарым қазақи, ашық-шашық деген жоқ. Бір-ақ, төле десе енді төлей саламыз, несі бар" , - деп айтты ол.

Әнші үкімет тарапынан мұндай айыппұл расымен салынса, оған қарсыласпайтынын айтты. Оның сұхбатының үзіндісі Instagram желісіндегі kaz_starss парақшасында жарияланған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel