RU
Қызыл кілемде ашық көйлекпен көзге түскен арулар кімдер? (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қызыл кілемде ашық көйлекпен көзге түскен арулар кімдер? (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы күнімен қатар өткен кин фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өткен арулардың көбісі жұртшылықтың сынына ұшырады. Көпшілікке сымбатты арулардың кеудесін ашып, санын жалтыратқандары ұнамай қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото-коллаж: nur.kz

Фото-коллаж: nur.kz

Бұл жолы қара көйлек киюге бірауыздан келіскендей киініп келген арулар, бірінен-бірі асып түсуге тырысқан.

Кинофестивальдің ашылу салтанатында қызыл кілеммен жүріп өткен арулар арасында Әсел Сәдуақасова, Самал Еслиямова, Әсел Сағатова, Сая Оразғалиева, Жәния Джуринская бар.

Бұл кештің тізгінін ұстаған Әсел Сағатова да иығы ашық көйлек киіп келген.

Сая Оразғалиева да төсін ашқан көйлек кигенімен, бұл кештің суреттерін желідегі парақшасына жүктеуді жөн деп санамаған.

Қарлығаш Мұхамеджанова да өзінің сұлулығын айқындай түсетін ұзын жырығы бар көйлек таңдаған.

Ал Самал Еслямова қарапайым киінуді жөн деп санаған секілді. Ол әріптестері секілді көзге көрінетін макияж да жасамаған.

Аша Матай да әріптестері секілді қара түсті кешкі көйлекті таңдаған. Айта кететіні өнер иесі кешке күйеуімен бірге келген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
0
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel