RU
Ақтөбеде жұмыс істеген қытай азаматы: Көшеге рұқсатсыз шықпаймыз
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жұмыс істеген қытай азаматы: Көшеге рұқсатсыз шықпаймыз

Рассказать Вконтакте

Бұрын CNPC Ақтөбе мұнай-газ компаниясында 2009 жылдан бастап 2 жыл қызмет еткен қытайлық азамат Ван Цимэн Қазақстандағы еңбек барысы және оларды жергілікті тұрғындар қалай қабылдағаны туралы BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

мпцфуа

Ван Цимэн. Фото: baq.kz/ Гүлжан Раманкулова

"Әлемдегі барлық компанияның мақсаты – ақша табу. Оның үстіне біздің елімізге мұнай мен газ керек. Ал Қазақстан үкіметі мұнай саласында тұрғындардың жұмыс істеуін қалады.

Қытайлық компания оларға жұмыс ұсынды. Сондай-ақ, компания 50/50 пропорциясын ұстануы міндетті. Ол дегеніміз жұмысшылардың жартысы қазақстандық азамат болуы тиіс", - деп әңгімесін бастаған Ван Цимэн шетелге тек көп қаражат жинап алу үшін барғанын жасырмады.

"Мен Ақтөбеде жұмыс істегенде бойдақ едім. Шетелге тек көп ақша табу үшін бару керек. Бірақ отбасын құруды да ұмытпаған жөн. Оның үстіне ата-анам мұнда қалып қойды. Оларға күтім көрсетіп, жағдай жасау керек. Сондықтан қайтуыма тура келді", - дейді ол.
мпцфуа

Ван Цимэн. Фото: baq.kz/ Гүлжан Раманкулова

Тілшінің "Ақтөбеде қытайлықтарды қалай қабылдады?" деген сұрағына аспан асты елінің азаматы барынша ашық жауап берген.

"Біз Ақтөбеде жұмыс істегенде рұқсатсыз сыртқа шықпаймыз. Міндетті түрде ескертіп, рұқсат алатынбыз.

Кейбір жергілікті тұрғындар Қытай мұнайды да, бар ақшамызды да алып жатыр деп есептейді. Тек мұнай ғана емес, басқа да ресурстарымызды алмақ деп қорқады. Шын мәнісінде, олай емес. Себебі Қазақстан Үкіметі шетелдік компания кірмес бұрын, өз талаптарын қояды. Сол шарттарды орындаған соң, жұмысқа кіріседі", - деп ағынан жарылды Ван Цимэн.

Сонымен қатар, ол қытайлықтарда мұнай болса да, жергілікті халыққа жетіспейтінін де айтты.

"Біздің компания мұнайды өндіріп, өңдеп бензин қылады. Одан шыққан өнімді тек Қазақстанға ғана емес, Қытайға да жеткізеді. Себебі бізде мұнай бар, бірақ халыққа жетпейді, аздық етеді. Сіздерде бензин арзан, бізде өте қымбат. Сондықтан бізге бұл кәсіпорынның маңызы зор", - деп аяқтады сөзін Ақтөбеде қызмет еткен азамат.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
4
4
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel