RU
Тиматидің екінші рет әке атанғалы жатқаны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тиматидің екінші рет әке атанғалы жатқаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Ресейлік рэп орындаушы Тиматидің екінші мәрте әке атанатыны туралы болжамдарға оның анасының жазбасы себепкер болды. Көпшілік Симона Юнусованың парақшасындағы суретке орай оның ұлының қазіргі сүйіктісі жүкті екеніне күдіктенуде деп жазады NUR.KZ.

Танымал әншінің анасы өз парақшасына жалғыз немересінің суретін салып, оның астына "Басталды. Сіңілім болғанын қалаймын дейді" деген жазба қалдырған.

Желі оқырмандары бірден Симона Юнусованың жазбасын қызу талқыға ұластырып, Тиматидің сүйіктісі жүкті екенін болжады.

Көпшілік Анастасия Решетова жақын арада жұлдызды ғашығына бала сыйласа керек деп ойлады.

"Жақында отбасы қатарына тағы біреу қосылады деген сөз бұл"
"Бұл кісі бекерден бекер мұндай жазба қалдырмайды"
"Анастасия ма? Әлде Алена ма? Қайссы екен"
"Тимати тағы да әке болатын шығар" , - деп жазды оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel