RU
Арам ойлы 12 ер адам студент қызды сегіз сағат бойы жабылып зорлаған
Жаңалықтар Әлемде

Арам ойлы 12 ер адам студент қызды сегіз сағат бойы жабылып зорлаған

Рассказать Вконтакте

Үндістандағы Харьяна штатында 12 азамат 19 жастағы студент қызды ұрлап кетіп, оны сегіз сағат бойы зорлаған. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: © Flickr / galaxies and hurricanes

Көрнекі фото: © Flickr / galaxies and hurricanes

Бойжеткенді күндізгі 12 шамасында, оқудан шыққан кезде ұрлап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, оған бейтаныс азаматтар есірткі қосылған сусын ішкізіп, қала сыртындағы үйге алып барады.

12 бірдей ер адам қызды сегіз сағат бойы аяусыз зорлаған. Осыдан кейін оны қоғамдық көлік аялдамасына жеткізіп, ата-анасына "алып кетіңдер" деп хабарласқан көрінеді.

Зорлық-зомбылық нәтижесінде студент бірнеше жарақат алған. Анасының сөзіне сүйенсек, біраз уақыт бойы қыздың тамағы ауырып, тамақ ішіп, сөйлеуден қалған. Қазір ол дәрігерлер бақылауында жатыр екен.

Айта кету керек, қылмыскерлер бойжеткеннің отбасын таныған болуы мүмкін. Олардың ішінде бір азамат әскери қызметте жұмыс істейді деген болжам бар. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
5
12
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel