RU
Астанада көлік ұрысын тұтқындамақ болған полицейді пышақтап кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада көлік ұрысын тұтқындамақ болған полицейді пышақтап кетті

Рассказать Вконтакте

Елордада 15 қыркүйек күні сағат түнгі 01:00 шамасында Сарыарқа ауданына қарасты қылмыстық полиция басқармасының тәртіп сақшысына шабуыл жасалды. Көлік ұрыларын тұтқындамақ болған полицей олардан пышақ жарақатын алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Полицей Күмісбекова көшесінде орналасқан үйдің ауласында тұрған көліктің маңында екі күдікті адамды байқап қалып, оларға қарай бағыт алған. Тәртіп сақшысын көрген ер адамдар бірден қаша жөнелді. Алайда, полицей олардың бірін қуып жетіп, тұтқындамақ болғанда пышақ жарақатын алып қалған.

Тәртіп сақшысына қарсылық көрсеткен азамат оның иығына пышақ сұғып алған. Өзінің аса ауыр жарақатына қарамастан Нұрлан Тлеухан көлік ұрысына кісен тағып үлгерді.

Оқиға орнынан қашып үлгерген екінші күдіктіні көмекке келген басқа полицейлер тұтқындаған. Ол кәмелетке толмаған 17 жасар жігіт болып шықты.

Анықталғандай, азаматтар көлік құлпын бұзу арқылы жүргізушілердің жеке заттарын иемденіп алмақ болған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Оған қоса, полицейге қол көтерген 18 жастағы қарағандылық жігітке қатысты Қылмыстық кодекстің 380 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшысының арқасында көлік жүргізушілерінің жеке мүлкі сақталып қалды. Полицей бірден ауруханаға жеткізіліп, бүгінгі күні амбулаторлық емдеуден өтіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel