RU
Сауль Альварес келесі жекпе-жекті қашанға жоспарлағанын мәлім етті
Жаңалықтар Қоғам

Сауль Альварес келесі жекпе-жекті қашанға жоспарлағанын мәлім етті

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Геннадий Головкинмен жекпе-жекке түсіп, абыройы асқақтаған чемпион Сауль Альварес келесі кездесуін қашанға жоспарлап отырғанын мәлім етті. Бұл туралы korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Rosregistr.ru

Фото: Rosregistr.ru

"Мен жанкүйерлерімнің көңілінен шығатын ойын көрсеткім келді және бұл мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Бұл менің мансабымдағы ең маңызды күн болды.

Өкінішкен орай, Головкинді нокаутқа құлату мүмкін болмады. Бірақ ең бастысы жеңіске жеткенім. Маған дәрігерлер алты тігіс салды, енді олардың не айтатынын көрерміз. Бірақ мен келесі кездесуді желтоқсанда өткізсем деймін", - дейді Альварес.

Еске салсақ, осыған дейін Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы оның Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жекке шамамен қай уақытта дайын болатынын жеткізген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
6
0
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel