RU
Даун ауруына шалдыққан ару сән апталығында бой көрсетіп, көпті таңдай қақтырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Даун ауруына шалдыққан ару сән апталығында бой көрсетіп, көпті таңдай қақтырды

Рассказать Вконтакте

Биыл Нью-Йоркте бастау алған сән апталағы түрлі қызықтарға толы болды. Танымал дизайнерлердің киімдер топтамасын әйгілі модельдерден бөлек, өзгеге ұқсамайтын арулар да таныстырды. Олардың қатарында Даун ауруына шалдыққан бойжеткен де болды деп жазады ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

21 жастағы Мариан Авилла сән апталығында көптің көзіне ілікті. Мінсіз мүсінді танымал модельдер арасында ерекшелене алған ару, көпті таңдай қақтырды. Испандық бойжеткен өзінің дертіне қарамастан, әріптестерінен шеберлігі жөнінен қалысқан жоқ.

Даун ауруымен дүниеге келген ару бала кезінен аңсаған арманына қол жеткізіп, екі жыл бұрын модель атана сән әлеміне қадам жасады.

Нью-Йоркта өткен сән апталығында "ерекше қызды" өз киімдер топтамасын таныстыруға шығарған дизанерлер қатарында Талиша Уайттың сән үйі болды.

Марианның бала кезгі арманын әлеуметтік желі арқылы оқып білген дизайнер оған өз көмегін ұсынуды жөн көрген.

"Бүгінгі күні Мариан Vogue, Harper`s Bazar секілді әйгілі басылымдармен жұмысын бастап кетті. Мен ол үшін сондай қуаныштымын" , - деп айтты Талиша.

Мариан өзінің басты мақсаты ретінде әлемге қатып қалған талаптардың жоқтығын көрсетуді санайды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
3
0
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel