RU
Түркістан облысында 28 жастағы бақташы жігіт әріптесін сабап өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында 28 жастағы бақташы жігіт әріптесін сабап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында 28 жастағы бақташы жігіт 44 жастағы әріптесін сабап өлтірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында 28 жастағы бақташы жігіт әріптесін сабап өлтірді

Көрнекі фото: aif.md
Source: UGC

Сарыағаш аудандық ІІБ тергеушісінің өтініш хаты негізінде Сарыағаш аудандық соты Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1-ші бөлігі, қасақана кісі өлтіру бабы бойынша 28 жастағы Сапарбекті екі айға қамауға алуға санкция берді.

Алдын ала тергеу кезінде белгілі болғаны, күдікті жігіт әріптесімен бірге спирттік ішімдік ішкен.

Шаршау басып, алькоголмен көңіл көтерген екі бақташы ақырында сөзге келіп, тіпті төбелесіп қалады.

Араққа сылқия тойған Сапарбек қаны қарайып бөтелкелесін ұрып, тепкілеп тастаған.

Нәтижесінде қатты соққыдан жарақат алған 44 жастағы бақташы көз жұмады. Сапарбектің өзі де жараланып үлгіріпті. Беті аузы, денесі көгеріп қалған.

Арақ ішіп араздасып, жаға жыртысып, ақыры адам өлтіріп тынған 28 жастағы жігіт тергеу кезінде екі ай бойы қамауда болады.

Бұл туралы Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қайыпов мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
8
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel