RU
Головкин: Мен қайта оралам, жігіттер! (видео)
Жаңалықтар Спорт

Головкин: Мен қайта оралам, жігіттер! (видео)

Рассказать Вконтакте

Мансабында 39 жекпе-жек өткізіп, алғаш рет жеңіліс тапқан Геннадий Головкин рингке қайта оралатынын мәлім етті деп хабарлайды vRinge.com порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © AFP 2018 / Frederic J. Brown

Фото: © AFP 2018 / Frederic J. Brown

Мексикалық қарсыласы Сауль Альваресті жеңісімен құттықтаған боксшы қорытынды есеп оның жеңісі туралы білдірмейтінін атап өтті.

"Бұл жолы аздап өзгешелеу болды. Ол қашқан жоқ. Алайда бұл оның жеңгенін білдірмейді. Ол рингте айтарлықтай ештеңе көрсеткен жоқ және есеп те шын мәнісінде оның жеңгенін білдірмейді", - деген боксшы тағы бір жекпе-жектен үмітті екенін жасырмады.
"Мен қайта оралам, жігіттер! Қайта оралам!" - деп уәде етті GGG.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
35
22
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel