RU
Павлодарда екі бала тоққа түсіп, мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда екі бала тоққа түсіп, мерт болды

Рассказать Вконтакте

Павлодар маңындағы Жаңаауыл кентінде 12 және 14 жастағы жасөспірімдер жоғары вольтті сымдардағы тоққа түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Көрнекі фото: Karelia.news

Көрнекі фото: Karelia.news

Куәгерлерлердің сөзінше, оқиға сағат 17.00 шамасында болған.

Басылымының жазуынша, жеткіншектердің біреуі металл қоршаудан өтіп, тоқ сымдарының біріне қол тигізген. Ал екінші бала металл қоршауды ұстап тұрған. Биіктігі алты метрлік металл тор балалар ойнаған футбол алаңын қоршаған. Балалар сымға кім бірінші қол жеткізеді деп бәстескен екен.

Қайғылы оқиғаны өңірлік денсаулық сақтау басқармасы да растап отыр. Дәрігерлер 2004 және 2006 жылғы балалардың тоқ соғуынан қайтыс болғанын тіркеген. Олар әртүрлі отбасынан.

"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Олеся Емельянованың сөзінше, оқиға электр тоғының кернеуі 6 киловольттық "Северная промышленная" трансформаторлық қосалқы станциясының электр тасымалдау желілерінде болған.

Нақтырақ ақпарат комиссия қорытындысынан кейін мәлім болмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel