Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катар әміршісі Түркияға құны 500 млн доллар тұратын қымбат сыйлық жасады (фото)

Опубликовано:

Катар әміршісі Түркияға құны шамамен 500 миллион доллар тұратын, люкс санатына жататын Boeing 747-8 ұшағын сыйға тартты деп хабарлайды Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Өз кезегінде түрік көшбасшысы Тамим бин Хамад Аль Танидің қымбат сыйлық жасағанын растаған.

"Құны шамамен 500 миллион доллар тұратын ұшақ сатылымға қойылды. Біз оған қызығушылық таныттық. Бұны естіген Катар әміршісі ұшақты жеке маған емес, Түркияға тарту етуді жөн санаған. Қазір ұшақ боялып жатыр. Бояу жұмыстары аяқталған соң біз онымен ұша аламыз", - деп жауап берді Түркия президенті журналистерге.
Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Айта кетейік, бұған дейін түрік басылымдары Катар әміршісінің Ердоғанға әлемдегі ең үлкен, ең қымбат жеке ұшақтың сыйға тартқанын жарыса жазған еді.

Әуе кемесіне бір уақытта 94 адам сыйып кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1753193-katar-mirsisi-trkiaga-kny-500-mln-dollar-tratyn-kymbat-syjlyk-zasady-foto/

pixel