RU
Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімет берді
Жаңалықтар Қоғам

Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімет берді

Рассказать Вконтакте

Қытай түрмесінде төрт жылдан бері апелляциялық сотты күтіп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі облыстық деңгейге шығарылған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото әлеуметтік желіден алынды

Фото әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Сыртқы істер министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте мәлімдеген.

Смадияровтің сөзінше, Қытайда істі апелляциялық сотта қараудың қандай да бір белгіленген мерзімі қарастырылмаған. Сондықтан Ақжарықынның ісін қайта қарау ұзаққа созылып кеткен.

Сонымен қатар Айбек Смадияров адвокаттар мен консул оған тұрақты түрде барып тұратынын, бойжеткеннің ешқандай шағымы жоқ екенін де атап өтті.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Есірткі тасымалдады деген айып тағылған ару өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

Алайда Ақжарқын кінәсін мойындаған жоқ, ол қандай жүк тасымалдағанын білмейтінін айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel