RU
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Рассказать Вконтакте

18 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.

вуасмцуа

Көрнекі фото: Mir24.tv
Source: UGC

Республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік өңірдің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел тұрып, күндіз жылдамдығы 23 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel